Алматы облысының тауларында туристер құтқарылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
5 адамнан тұратын туристік топ тауға көтеріліп, өз бетінше түсе алмады. Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД құтқарушылары және Алматы қаласының құтқару қызметінің құтқарушылары дереу шығып, іздестіру жұмыстарын жүргізді. Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылы арқасында 19-20 жастағы жас туристтер аман-есен табылды. Ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты құтқару жұмыстары 5 сағатқа аса созылды. Туристер медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.1-07-2024, 12:27
Алматы облысының тауларында туристер құтқарылды

Фото: ҚР ТЖМ
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз