Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Биыл еліміздегі 270 мектеп күрделі жөндеуден өтеді

Биыл еліміздегі 270 мектеп күрделі жөндеуден өтеді
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында еліміздегі білім беру инфрақұрылымын нығайту және оқыту сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда «Баршаға қолжетімді сапалы білім» атты ұлттық баяндама дайындалды.

«Талқылауға 200 мыңнан аса мұғалім, жоғары және орта оқу орындарының педагогтері қатысты. Негізгі мәселелердің бірі: білім саласы – жекелеген білім ошақтарының қосындысы емес, бұл – бірінің нәтижесі екіншісіне әсер ететін, жас баладан азаматты тәрбиелеп шығаратын көп деңгейлі жүйе. Осыған байланысты өзгерістер жақында өткен Үкімет отырысында қаралып, Білім саласын дамыту тұжырымдамасына енгізілді», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

Елдегі апаттық және үш ауысымды мектептерді азайту бағытында да бірқатар шаралар қолға алынған. Ол үшін қаржыландырудың бірнеше жолы арқылы білім ошақтары салынып жатыр. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 369 мектеп салу көзделген. Жемқорлық қылмыстары аясында тәркіленіп, қайтарылған қаражат есебінен былтыр 36 білім нысаны бой көтерсе, биыл тағы 25-і қолданысқа берілмек.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы және жергілікті бюджеттен өткен жылы 7 мектеп пайдалануға берілсе, биылғы меже тағы 6 нысан салу болып отыр. Белсенділік танытып келе жатқан қосымша бір бағыт – бұл бизнес-инвестиция. Өткен жылы 56 жекеменшік мектеп іске қосылды. Жалпы, мұндай жекеменшік мектептердің саны бүгінде 667-ге жетті. Онда 250 мыңнан аса бала тәлім алуда. Жалпы мектеп салу үшін барлық көздерден бөлінген қаражаттың 2 жылдық сомасы 2,4 трлн теңгені құрап отыр», — деді Тамара Дүйсенова.

Жаңа нысандардан бөлек, қолданыстағы ғимараттарды жөндеу жұмыстары да назардан тыс қалмады. Биыл елдегі 270 мектепті күрделі жөндеу қарастырылған.

Баланың жан-жақты дамуында қосымша білім беру орталықтарының орны ерекше. Вице-премьер ондай нысандарды тек ірі қалаларда емес, өңірлерде де ашу қолға алынғанын жеткізді. Былтыр осындай 12 мекеме ашылса, алдағы 3 жылда тағы 89-ын салу қарастырылып отыр.

Тамара Дүйсенова жазда балаларды белсенді демалыс шараларымен қамту мәселесіне де тоқталды.

«Барлық өңірде штабтар құрылды. Өрт қауіпсіздігі, санитарлық тексерулерден және балалармен жұмыс істейтін азаматтары арнайы тексеруден өткен лагерьлерге ғана балаларды жіберуге рұқсат етілді. Жаз мезгілі басталғалы бері 121 маусымдық, 9 638 мектеп жанындағы және арнайы лагерьлер 2 млн-нан аса балаға қызмет көрсетуде», — деді вице-премьер.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді