Дс, 14 сәуір 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде ҚДБ қаражаты есебінен 5 мың шақырым автожол жаңғыртылады

Елімізде ҚДБ қаражаты есебінен 5 мың шақырым автожол жаңғыртылады
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау және экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі ҚР Үкіметінің Жоспарын іске асыру үшін «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ жалпы ұзындығы 5 мың шақырымнан асатын республикалық маңызы бар автожолдарды қалпына келтіру жөніндегі инвестициялық жобаны қаржыландырады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтме жасап.

450 млрд теңге мөлшеріндегі ұзақмерзімді несие қаражаты «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ға тиісті келісім шеңберінде бөлінетін болады. Бұл шараларды 2024-2027 жылдар аралығында іске асыру жоспарланып отыр. 

Инвестициялық жоба Қазақстанның барлық аумағында іске асырылады. Облыс орталықтарын Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Ұлытау облыстарының елді мекендерімен байланыстыратын жолдарды да, республикалық маңызы бар трассаларды да қалпына келтіру жоспарлануда.

Сонымен қатар су өткізгіш құбырлардың апатты көпірлері қайта жаңартылады. Сондай-ақ жолдардың қалпына келтірілген учаскелерінде көлік құралдарының салмағы мен көлеміне қатысты параметрлерін өлшеудің автоматтандырылған жүйесін іске қосу көзделген.

Жалпы, жобаны іске асыру автомобиль жолдарының техникалық сипаттамасын жақсарту арқылы өңірлердің көліктік-логистикалық әлеуетін ашуға елеулі үлес қосады. Көлік магистральдарының өткізу қабілеті мен жайлылығы артады. Жол бойындағы елді мекендердің одан әрі дамуына да серпін берілмек. Халықтың іскерлік белсенділігі артады. Көлік қызметтерін ақпараттандыру процесі жеделдетіледі. Көлік тасымалдарына қаржылық және уақытша шығындар қысқарады, бұл өз кезегінде елдің аграрлық және өнеркәсіптік секторларының дамуына оң әсер етеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты