Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс, Орталық Еуропа және Орталық Азия елдерінің есірткіге қарсы саясаты жөніндегі комиссиясының төрағасы Александр Квасьневскийді қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс, Орталық Еуропа және Орталық Азия елдерінің есірткіге қарсы саясаты жөніндегі комиссиясының төрағасы Александр Квасьневскийді қабылдады
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс, Орталық Еуропа және Орталық Азия елдерінің есірткіге қарсы саясаты жөніндегі комиссиясының төрағасы Александр Квасьневскийді қабылдады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында нашақорлықтың және есірткі бизнесінің белең алуына қарсы күреске қатысты ақпарат алу, үздік тәжірибелерді насихаттау бағытында Комиссиямен қарым-қатынас жасау мәселелері талқыланды.

– Сіздің миссияңыз өте маңызды. Біз мұны нашақорлыққа қарсы күрес жөніндегі ықпалдастықты дамыту үшін өте пайдалы деп санаймыз. Елімізде бұл мәселеге айрықша мән беріледі. Жуырда Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзімде есірткі өндірумен және оны халық арасында таратумен айналысатын адамдарға қатысты жазаны қатаңдату тұрғысынан заңнаманы қайта қарау  қажет екенін айттым. Сіз Шығыс, Орталық Еуропа және Орталық Азия елдерінің есірткіге қарсы саясаты жөніндегі комиссиясының жетекшісі ретінде адамзат мүддесін көздейтін маңызды миссияны атқарып келесіз. Қазақстан Комиссиямен белсенді қарым-қатынас жасауға дайын, – деді Президент.

Өз кезегінде Александр Квасьневский  есірткіге қарсы саясаттың тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа бағдарламалар мен шаралар туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Квасьневский  есірткіге тәуелділіктің алдын алу және есірткіні заңсыз таратуға қарсы күресу үшін бірлескен жұмысты жалғастыруға  уағдаласты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді