Петропавлда су тасқынының зардаптарын жою жұмыстары белсенді жүргізілуде. Ағымдағы мәліметтер бойынша зардап шеккендерге 700 жаңа үйдің құрылысы басталып, 289 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілуде, 119 үй сатып алынды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрілігіне сілтеме жасап.
Барлық құрылыс жұмыстарын тамыз айына дейін аяқтау жоспарланған.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Ахуалдық орталығының деректері бойынша, СҚО-да барлығы 4 077 нысан техникалық зерттеуден өтіп, оның қорытындысы бойынша келесі шаралар жоспарланды:
- 700 үй салу
- 1020 үй сатып алу
- Басқа нысандарда жөндеу жұмыстарын жүргізу
Инфрақұрылымды тез қалпына келтіріп, тұрғындарды аса қысқа мерзімде жаңа баспанамен қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар жүргізілуде.