Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда 5G мобильді байланысын енгізу 2025 жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс

Қазақстанда 5G мобильді байланысын енгізу 2025 жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс
Фото: pixabay.com

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі байланыс сапасын жақсарту мәселесі қаралды. Өз кезегінде цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев мәселеге қатысты атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасады, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Бүгінгі таңда интернет біздің күнделікті өмірімізде маңызды рөл атқарады, мемлекеттік онлайн қызметтерге, білім, медицина және экономика салаларын цифрландыруға қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Халықаралық деректерге сәйкес, Қазақстанда интернет қолданатын халықтың үлесі – дамыған елдермен деңгейлес. Бүгінде әлемде интернетті тұтынудың қарқынды өсуі байқалады. Қазақстанда 2020 жылға қарағанда трафиктің өсуі 61,5%-ға, ал абоненттер саны 12,9%-ға өскен. 

«Speedtest Ookla-ның 2024 жылғы сәуірдегі деректеріне сәйкес, Қазақстан 43,6 Мбит/с орташа интернет жылдамдығымен 66-орында (Ресей, Қырғызстан және Өзбекстанға қарағанда жоғары). Қазақстанда 6 290 ауыл бар, оның ішінде сымды интернет бойынша оптика 2 606 ауылға жеткізілген. Мобильді интернет 4 866 ауылда қолжетімді. Қолданыстағы салықтық жеңілдіктер аясында 2023 жылы 1161 ауыл 4G технологиясына қосылды», — деді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.

Бүгінгі таңда 1424 ауыл мобильді интернетке қол жеткізе алмай отыр. Байланыс операторларын ынталандыру мақсатында Министрлік жаңа Салық кодексіне радиожиілік спектрі бойынша салықтық жеңілдіктерді ұзартуды және төлем мөлшерлемесін өзгертуді ұсынды. Осылайша, байланыс операторларының лицензиялық міндеттемелерінде 1 076 ауылды интернетпен қамтамасыз ету көзделген. Кселл және Теле2-мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және облыс орталықтарында 5G технологиясын одан әрі дамытуға қатысты жұмыстар жалғасады. Бүгінгі таңда 20 қалада 1 144 базалық станса орнатылған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 5G ұялы байланысын енгізу 2025 жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс. 2027 жылдың соңына дейін байланыс операторларының салаға салатын инвестиция көлемі 450 млрд теңгеден асатын болады. 

Қазіргі уақытта 3684 ауылда оптикадық байланыс желісі жоқ. Ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы 3010 ауылға дейін оптикалық байланыс желісі жеткізіледі. Байланыс желілері тұтынушыға қолжетімсіз жерлерде шағын және орта байланыс операторларының күрделі қаржы шығындарының 50%-ын субсидиялау тетігі қолданылады. Аталған жобалардың қорытындысы бойынша 2,4 млн адам интернетке қол жеткізеді деп күтілуде. Жобалар байланыс операторларынан 340 млрд теңгеден астам көлемде жеке инвестиция тартуды көздейді.

«Министрлік байланыс сапасын жақсарту мақсатында келесі нақты шараларды ұсынады. Елді мекендердің бас жоспарлары мен нақты жоспарлау жобасында байланыс сапасын жақсарту жөніндегі жүйелі шара ретінде байланыс желілерінің тиісті инфрақұрылымы көзделді. Осыған байланысты, Сізден барлық әкімдікке байланыс операторларымен бірлесіп байланыс құралдарын орналастыру үшін бас жоспарлар мен орынды нақты жоспарлау жобасына түзетулер енгізуді тапсыруыңызды сұраймын. Келесі шара ретінде еліміздегі базалық стансалары радио сигналының шекті рұқсат етілген деңгейі бойынша нормативтерді қайта қарау ұсынылады. Қазақстанда дамыған елдерге және тіпті жақын шетелдерге қарағанда 10-20 есе қатаң нормативтер бар. Осыған байланысты, халықаралық озық тәжірибені ескере отырып, радио сигналдың шекті рұқсат етілген деңгейі бойынша нормативтерді қайта қарауды Денсаулық сақтау министрлігіне тапсыруды сұраймын», — деді Жаслан Мәдиев.

Министрдің мәлімдеуінше, қалаларды жоғары сапалы интернет пен ұялы байланыс желісімен қамтамасыз ету шеңберінде Министрліктің техникалық мамандары байланыс сапасына өлшеу жүргізіп, нәтижесінде, байланыс сапасы төмен орындар анықталады. Одан соң Министрлік әкімдіктер және ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, байланыс сапасы төмен орындар бойынша жұмыс жүргізеді. Аталған жұмыс еліміздің қалаларында байланыс сапасын жақсарту мәселесі бойынша жалғасады. 

Министрлікте байланыс саласында туындайтын мәселелерді тұрақты түрде қадағалап, оны шешу мақсатында Жедел штаб құрылды. Штаб құрамына Министрліктің, жергілікті атқарушы органдардың және байланыс операторларының өкілдері кіреді. Қосымша шара ретінде Министрлік Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісе отырып, мемлекеттік мекемелерде (мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі арнайы орын жоқ жерде) базалық стансалар орнатуға рұқсат беретін заңға тәуелді актілерге өзгерістер енгізілуде. 

Сондай-ақ Voice over Wi-Fi (VoWiFi) технологиясын іске қосу мәселесі де қарастырылуда, бұл – дауыстық қоңыраулар дәстүрлі ұялы желілердің орнына Wi-Fi желілері арқылы жасауға мүмкіндік беретін технология. VoWiFi радио сигнал өтпейтін, бірақ Wi-Fi бар жерасты паркингтері немесе ғимараттарда, ұялы байланыс желісі нашар жерлерде жақсы байланыс сапасын қамтамасыз ете алады. 

«Байланыс саласындағы мемлекеттік бақылау функциясын кеңейту аясында Министрлік жергілікті атқарушы органдарға аталған салада мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша құзырет беруді ұсынды. Ел ішіндегі байланыс сапасын жақсарту жөніндегі жұмыстарға мониторинг жүргізу мақсатында Министрлік арнайы цифрлық платформа әзірледі, онда байланыс технологияларының түрлері бойынша және Қазақстанның барлық елді мекендерін сапалы байланыспен қамтамасыз ету жөніндегі операторлар жоспарлары жөнінде ақпарат орналастырылады», — деді министр.

Телекоммуникациялардың цифрлық картасы «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасында көзделген елді мекендерге интернет жеткізу жоспарлары және жергілікті атқарушы органдар, Министрлік және байланыс операторлары арасында қол қойылған Жол карталары бойынша ақпаратты қамтитын болады. Жоғарыда аталған «Цифрлық карта» – қалалар мен ауылдардағы байланыс сапасы мәселелерінің қоғамдық мониторингі пен бақылау құралы. Әрбір азамат елді мекендердегі байланыс сапасына қатысты барлық мәселені және оны жою жоспарларын көре алады, сондай-ақ кез келген орын бойынша байланыс сапасына баға бере алады. 

«Бүгінде аталған “Цифрлық картаның” техникалық іске қосылғанын хабарлағым келеді, сілтеме Министрліктің сайтында орналастырылған. Оны әрбір азамат көре алады. Бұл карта пилоттық режимде қосылған. Функционал жағынан толықтырылатын болады. Бұл – байланыс сапасын тексеру бойынша қоғамдық бақылауды күшейтуге септігін тигізетін шара», — деді спикер.

Оның айтуынша, республикалық автожолдарды мобильді интернетпен қамтамасыз ету үшін тиісті цифрлық инфрақұрылым қажет. Қазіргі таңда әкімдіктермен 243 антенна-діңгекті құрылыс (АДҚ) республикалық жолдар бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. АДҚ құрылысы 2025-2026 жылдарға жоспарланған. 

Бүгінгі күні: 

– 13 АДҚ бойынша сараптамалардың оң қорытындылары алынды. 

– 141 АДҚ бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. 

– 84 АДҚ бойынша әкімдіктер биылғы 3 тоқсанда жобалау сметалық құжаттама әзірлеу бойынша конкурстық рәсімдер бастауды жоспарлап отыр. 

Министрлік 1883 мектептің 1485-ін SpaceX-тің ГЕСО технологияларын пайдаланып, пилоттық жоба аясында интернетке қосты. Ұлттық қауіпсіздік комитетімен жүргізілген талқылау және келісу шеңберінде біз төтенше жағдайларды жою кезінде интернетке қол жеткізу үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің қажеттіліктеріне пилоттық жобаны кеңейту жоспарланған. Цифрлық Жібек жолын дамыту және Қазақстанды өңірлік цифрлық хабқа айналдыру үшін Ұлттық жоба шеңберінде іс-шараны іске асыру көзделген. 

Біріншісі – ұзындығы 370 шақырым болатын Каспий теңізінің түбіне оптика төсеу. Екі елдің байланыс операторларының инвестициялары 23 млрд теңгеден асады. 

Бүгінде «Қазақтелеком» мен «Әзертелеком» арасында бірлескен кәсіпорын құрылған және су астындағы ТОБЖ (талшықты оптикалық байланыс желісін) жобалау және төсеу үшін мердігерді таңдау бойынша тендер аяқталауда. 

Екіншісі – Қазақстан аумағы бойынша транзиттік трафикті ұлғайтуды көздейтін Батыс-Шығыс Ұлттық гипермагистралінің құрылысы. 

Үшіншісі - транзит пен халықаралық трафикті сақтау үшін Tier-III деңгейінен төмен емес деректер орталығын салу. 

«Осы екі жоба бойынша Freedom telecom-нан ұсыныс түсті. Гипермагистральға жеке инвестиция көлемі 17 млрд теңгеден асады, іске асыру мерзімі 2025 жылдың соңына дейін, ал деректер орталығының құрылысына тартылатын инвестиция көлемі 90 млрд теңгеден асады, іске асыру мерзімі 2027 жылдың соңына дейін», — деп атап өтті министр. 

Осылайша, жоғарыда аталған жобаларды іске асыру деректердің халықаралық транзитінің баламалы бағытын және ел нарығына BigTech компанияларын (Google, Amazon, Microsoft) тартуды қамтамасыз етеді. 

Айта кету керек, осы 3 жобаны операторлар өз қаражаты есебінен қаржыландырады. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді