Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Charity Samruk Marathon: Астанада ауқымды қайырымдылық іс-шарасына мыңдаған адам қатысты

Charity Samruk Marathon: Астанада ауқымды қайырымдылық іс-шарасына мыңдаған адам қатысты
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанадағы Ботаникалық саябақта Charity Samruk Marathon – «Самұрық-Қазына» қорының бастамасымен ұйымдастырылған ауқымды қайырымдылық шарасы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Биылғы марафонға қатысушылар саны жағынан рекорд орнатып, инклюзивті білім беруге әуесқой және кәсіби желаяқтар өз қолдауын көрсетті.

«Бүгінгі қайырымдылық мақсаттағы жүгірісімізге 3 000 қатысушы тіркеліп, 250 млн теңге қаражат жиналды. Бұл қаржыны Ақтөбе облысында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған 10 инклюзивті кабинет ашуға жұмсаймыз. Бұған дейін біз республика көлемінде 15 инклюзивті кабинет ашқан болатынбыз. Алда жоспарларымыз көп», – деді «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

Инклюзивті кабинетте логопед, дефектолог, психолог мамандар жұмыс істейді. Сондай-ақ шеберханалар мен ЛФК залдары бар. Олар балалардың толыққанды дамуы мен білім алуы үшін, барлық қажетті құралдармен жабдықталған.

«2021 жылдан бері жүгіруді қолға алып келемін. Бүгін 88-марафоныма қатыстым. Charity Samruk Marathon-ның басты ерекшелігі – жүгіріс арқылы салауатты өмір салтын ұстанып қана қоймай, қайырымдылыққа үлес қоса алатынымда. 1 мамыр күні ғана қалалық жүгіріске қатысқанмын. Сондықтан бүгін 5 шақырым қашықтықта бағымды сынаймын», – деп қатысушы Елеусіз Пардабай өз ойын айтты.

Биыл марафон бағдарламасы кеңейтіліп, қатысудың төрт түрін қамтыды: 2,5 км, 5 км және 10 км қашықтыққа жүгіру, сондай-ақ 2,5 км скандинавиялық жүріс. Жеңімпаздар медальдар мен естелік сыйлықтармен марапатталды.

Марафонға қатысушылар мен қонақтар үшін тақырыптық аймақтар, шеберлік сабақтары және балаларға арналған түрлі белсенділік шаралары ұйымдастырылды.

Бүгінде «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының қолдауымен Астана қаласында, Ақмола және Атырау облыстарында 31 инклюзия кабинеті жұмыс істейді. Онда ерекше қажеттілігі бар 2 мыңнан астам бала білім алып жатыр.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады