Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада Жеңіс күніне орай ардагерлерге қандай төлем түрлері берілді

Астанада Жеңіс күніне орай ардагерлерге қандай төлем түрлері берілді
Фото: Астана қ. әкімдігі

Елорда ардагерлеріне 9 мамыр – Жеңіс күнінің құрметіне дәстүрлі түрде біржолғы әлеуметтік төлемдер қарастырылған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 84/10-VIII шешімімен бекітілген «Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына» сәйкес 9 мамырға ардагерлерге бір реттік әлеуметтік төлемдер қарастырылған.

ҰОС ардагеріне 5 млн теңге мөлшерінде төлем берілді. Сол сияқты өзге де мынандай төлемдер жасалды:  * жеңілдіктер бойынша ҰОС теңестірілген ардагерлер, Чернобыль атом электр станциясы апатының зардаптарын жоюға қатысушылардан басқа (ҰОС кезінде қызмет еткен әскери қызметкерлер; фашистік Германияға қарсы соғыс қимылдарына қатысқан адамдар; Ленинград қаласындағы блокада кезінде жұмыс істеген азаматтар; концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындар; әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары) 476 адам – 45 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде (194 625 теңге); * басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының ардагерлерінен басқа (Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауға қатысқан әскери қызметшілері; Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері; Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары) 1167 адам – 45 АЕК (194 625 теңге) мөлшерінде; * Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңының күші қолданылатын басқа да адамдар (тыл еңбеккерлері, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары; Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінiң әйелдері) 1753 адам – 15 АЕК мөлшерінде (64 875 теңге).

Астанада 9 мамырға орай барлығы 3398 адамға біржолғы әлеуметтік төлем берілді. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы ардагеріне және жеңілдіктер бойынша ҰОС теңестірілген ардагерлер жергілікті бюджеттен келесідей әлеуметтік көмек түрлері қарастырылған: • ай сайын коммуналдық қызметтерді төлеуге ақшалай төлемдер; • тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету; • қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікті жол жүру • санаторлық-курорттық емделу.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады