Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбе облысында полиция жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізушілерді ұстады

Ақтөбе облысында полиция жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізушілерді ұстады
Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысында полиция жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізушілерді ұстады, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Демалыс күндері Ақтөбе қаласының патрульдік полиция батальоны жолдардағы бақылауды күшейтіп, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса назар аударуда. Қасақана құқық бұзушыларды анықтау және олардың алдын алу мақсатында қызметке айырым белгілері жоқ азаматтық көліктердегі жасырын патрульдер шығарылды. Мұндай тәсіл жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды тиімді анықтауға және жүргізушілердің қауіпті әрекеттерін жедел тоқтатуға мүмкіндік береді.

Негізгі міндет — жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды, әсіресе агрессивті жүргізу деректерін анықтау. Атап айтқанда, күрт жолақ ауыстыру, “шашка” тәрізді қозғалыс, басқа көліктерді қысып өту және апатты жағдайлар туындату. Осындай құқық бұзушылықтарды тіркей отырып, жасырын патрульдер ақпаратты нақты уақыт режимінде жақын маңдағы патрульдік полиция экипаждарына жолдайды. Олар көлік құралдарын дереу тоқтатып, жүргізушілерді заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартады.

Өткізілген іс-шаралар барысында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған 30-дан астам көлік құралы анықталды. Бұл ондаған жол-көлік оқиғаларының, соның ішінде ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік берді. Жылдамдықты асырған және өзгеде құқық бұзушылықтарға жол берген жүргізушілер жауапкершілікке тартылып, көлік құралдары айыппұл тұрағына қойылды. Бұл — жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жазаның бұлтартпайтынын тағы бір мәрте дәлелдейді. Естеріңізге саламыз: жол қозғалысы ережелерін сақтау — сіздің және айналаңыздағы адамдардың қауіпсіздігінің негізі.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады