Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы Гонконгтың іскерлік ортамен серіктестікті күшейтіп отыр

Алматы Гонконгтың іскерлік ортамен серіктестікті күшейтіп отыр
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Гонконг Қытай бас сауда палатасының төрағасы, Sunwah Group басқарма төрағасы Цай Гуаньшэнмен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келіссөз барысында инвестициялық және сауда-экономикалық байланысты кеңейту мүмкіндіктері, сондай-ақ халықаралық компаниялар мен қаржы институттарымен әріптестікті дамыту жолдары талқыланды.

Алматы Қазақстан мен Орталық Азиядағы жетекші іскерлік әрі қаржы орталығы. Қалада елімізде жұмыс істейтін қытайлық компаниялардың шамамен 70 пайызы шоғырланған. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша Алматы мен Қытай арасындағы тауар айналымы 9,4 миллиард АҚШ долларына жетіп, 20 пайызға артты.

Кездесу барысында Гонконг іскерлік қауымдастығы қатысатын халықаралық бизнес-форум өткізу бастамасына ерекше назар аударылды. Қала басшысы аталған іс-шараны биыл қыркүйекте Алматыда ұйымдастыруды ұсынып, оған инвестициялық қорлар, қаржы институттары мен бизнес өкілдерін тарту қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін отандық компаниялар мен екінші деңгейлі банктердің қатысуын қамтамасыз етуге дайындық білдірілді.

Қытай тарапы құрылыс және инфрақұрылымдық жобалар, қаржы секторын дамыту, жасанды интеллект технологиясын енгізу, оның ішінде дрондар саласындағы шешімдер, сондай-ақ «жасыл» технология мен туризм бағыттарында ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытатынын жеткізді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады