Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада Қазақстан халқының бірлігі күніне орай шахмат турнирі өтті

Астанада Қазақстан халқының бірлігі күніне орай шахмат турнирі өтті
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай Астанадағы «Жағалау-3» тұрғын үй кешенінің аумағында шахмат турнирі ұйымдастырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Шахмат бәсекесіне 30-ға жуық қатысушы тіркеліп, блиц ережесі бойынша жеңімпаздар анықталды.

«Елорданың Нұра ауданының тұрғындары өте белсенді. Әр ұйымдастырған іс-шараға ерекше ықыласпен қатысады. Биыл спорттық жоспар аясында шахмат турнирін ересек, жастар және балалар арасында өткізуді ұйғардық. Алдағы айда асық ату мен бесасық сайысынан да жеңімпазды анықтаймыз. Басты мақсатымыз – тұрғындар арасында достық қарым-қатынасты нығайтып, бос уақытты тиімді ұйымдастыру», – деді жарыс ұйымдастырушысы Гүлнәр Базарханова.

7 турдан тұратын сайыста әр жас санаты бойынша үздік үштіктер құлаққап, доп және медаль, арнайы грамотамен марапатталады.

«Шахматта бұрыннан ойнап келемін. Миды сергіту үшін таптырмас құрал. Шынымды айтсам, ауладағы жарысқа бірінші қатысып жатырмын. Ерекше формат. Мықтылар да жеткілікті», – деп турнир қатысушысы Қайрат Алинбаев өз әсерін бөлісті.

Айта кетейік, Нұра ауданында түрлі спорттық шаралар жыл бойы жалғасады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады