Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елорданың екі тұрғыны мекемеден 8 миллионның теледидарын ұрлаған

Елорданың екі тұрғыны мекемеден 8 миллионның теледидарын ұрлаған
Фото: polisia.kz

Елорда полицейлері мекемеден плазмалық теледидар ұрлаған екі қала тұрғынын қолға түсірді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Есіл ауданы ПБ полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен екі азаматты анықтады. Олар 24 және 25 жастағы елорда тұрғындары.

Ер адамдар мекеменің бірнеше ай бойы жұмыс істемейтінін байқап, қылмыстық ниетпен әрекет еткені анықталды. Түнгі уақытта қаскүнемдер кіреберіс есікті бұзып ашып, үй-жайға кірген және 8 дана “LG” және “Sumsung” теледидарын алып шыққан, осылайша 3 млн теңге сомасында материалдық шығын келтірген.

Автокөлікке техниканы жүктегеннен кейін олар қылмыс орнынан қашып, ұрланған заттарды ломбардқа өткізген.

Жедел қызметкерлер қаскүнемдердің теледидар ұрлаудың тағы бір фактісіне қатысы бар екенін анықтады.

Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеру жүргізіліп жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға мұқият және қырағы болуға кеңес береді. Күзет дабылын орнату – тұрғын үйді заңсыз кіруден қорғаудың сенімді әдісі.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі