Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада баспана алуға көмектесемін деп тұрғындарды сан соқтырған алаяқ ұсталды

Астанада баспана алуға көмектесемін деп тұрғындарды сан соқтырған алаяқ ұсталды
Фото: polisia.kz

Астанада баспана алуға көмектесемін деп тұрғындарды сан соқтырған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Алматы аудандық полиция қызметкерлері бірқатар алаяқтықпен айналысты деген күдікпен 32 жастағы елорда тұрғынын анықтады. 

Белгілі болғандай, әйел ақшалай сыйақы үшін мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алуға тілек білдірушілерге көмектесуге уәде берген.

Белгілі болғандай, астаналық бикеш азаматтарға пәтер сатып алуға жәрдемдесетінін жеткізіп, сенімді байланыстары бар екенін айтып, жалған әңгімелерімен сенімге кірген.

Бүгінгі таңда полицияға алданып қалған 4 азамат жүгінген. Жәбірленушілердің бірі оның баспана алу құжаттарын тездетеміз деген сөзіне сеніп, оған 1 миллион 750 мың теңге төлеген. Тағы бір жағдайда әйел дәл осылайша 3 миллион теңгеге жуық шығынға батқан. Пәтерлерді алу мәселесі күмән тұдырған соң, зардап шеккендер оны күтпестен полицияға хабарласқан.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның елордада осыған ұқсас қылмыстарды жасауға қатысы бар-жоғы анықталуда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты