Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жоғарғы сот өкілі Самат Әбішке қатысты үкім туралы айтты

Жоғарғы сот өкілі Самат Әбішке қатысты үкім туралы айтты
Фото: gov.kz

Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллинаға ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбіштің 8 жылға шартты түрде сотталуы қаншалықты заңды деген сұрақ қойылды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Рахметуллинаның айтуынша, мұндай жағдайларда шартты түрде соттау жиі кездеседі.

"Шартты жаза жиі қолданылады. Ол аса ауыр қылмыстар үшін қолданылмайды, егер жазалау мерзімі 12 жылдан асқан болса, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін қолданылмайды. Ол адамның бұрын сотталған-сотылмағаны, мінездемесі, қылмыс жасау кезінде келтірілген залалды өтеген-өтемегені ескеріледі. Шартты жаза жиі қолданылады, нақты цифрларды қазір айта алмаймын", - деді сот алқасының төрайымы Парламент кулуарында.

Ол Қылмыстық кодекстің 63-бабында шартты түрде жаза қолданылмайтын қылмыстардың тізімі бар екенін айтты.

"Тыйым салынбаған жағдайда, шартты түрде жаза қолдануға негіз бар ма, жоқ па, сот жеке-жеке шешім қабылдайды", - деді алқа басшысы.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді