Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бас Прокурор ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен кездесті

Бас Прокурор ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен кездесті
Фото: tengrinews.kz

Бас Прокурор Берік Асылов Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиевамен кездесу өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында қадағалау органының басшысы Балалар омбудсменін кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы жұмыс және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған заңнамалық өзгерістер туралы хабардар етті.

Атап айтқанда, балалардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстары үшін жаза күшейтілді. Мұндай істер бойынша шартты түрде соттау және шартты түрде мерзімінен бұрын босату қолданылмайды.

Тараптардың татуласуына байланысты осы санаттағы қылмыстық істерді тоқтатуға тыйым салынды.

Бұдан басқа, «Прокуратура туралы» Конституциялық заңда прокурордың кәмелетке толмағандардың мүддесі үшін тексерулер жүргізу және өтініштерді қарау жөніндегі өкілеттіктерін көздейтін новеллалар бекітілген.

«Прокуратура органдары үшін балаларды қорғау әрқашан басымдыққа ие болды және болады», - деп атап өтті Бас Прокурор.

Жеке мәселе бойынша балаларға қатысты жыныстық қылмыстар туралы қылмыстық істерді тергеудің тиімділігін арттыру шаралары талқыланды. 

Әрбір осындай іс бойынша қылмыс тіркелген сәттен бастап әрекет ететін «ерекше қадағалау» тетігі белгіленген.

Өз кезегінде Динара Закиева балалардың, оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау тетіктерін нығайту жөніндегі өз көзқарасымен бөлісті және заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізді.

Кездесу барысында тараптар жұмыста тығыз өзара іс-қимылға дайын екендіктерін білдірді.

 


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді