Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

“Заңсыз келуші – 2024” ЖПІШ: Қызылордада 350 заң бұзушылық анықталды

“Заңсыз келуші – 2024” ЖПІШ: Қызылордада 350 заң бұзушылық анықталды
Фото: polisia.kz

Қызылордада “Заңсыз келуші – 2024” ЖПІШ барысында 350 заң бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР ІІМ нұсқауына сәйкес қала аумағында “Заңсыз келуші – 2024” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Жедел-профилактикалық іс-шараны өткізу мақсаты – қала көлемінде заңсыз көші-қон арналарын анықтау және жолын кесу, қоғамдық тәртіпті сақтау, сонымен қатар көші-қон қызметін бақылау жұмыстарын жүзеге асыру кезінде құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға жол бермеуге бағытталған кешенді шаралар қабылдау.

Іс-шара барысында қала аумағына келген шетелдіктердің көші-қон заңнамаларын бұзу деректерін анықтау, оларды әкімшілік жауапкершіліктерге тарту, іздеуде жүрген қылмыскерлерді анықтау мақсатында шетелдіктердің уақытша тіркелген мекен-жайларын, салынып жатқан құрылыс нысандары, базарлар мен дәмханалар тексеріліп, рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Іс шара аясында жалпы 350 заң бұзушылық анықталды.

Нәтижесінде көші-қон заңнамаларын бұзған ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабымен (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) 350 шетелдік анықталды.

Сонымен бірге ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабымен (Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамадарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың ҚР-ның халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) 59 ҚР азаматы және ӘҚБтК-нің 519-бабы (Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді ҚР заңнамасын бұза отырып тарту, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыруы) бойынша 11 ҚР азаматына әкімшілік шаралар көрілді.

Қызылорда қаласы мамандандырылған әкімшілік сот қаулысымен шетел азаматы Қазақстан Республикасы аумағынан әкімшілік жолмен шығарылды.

Осыған байланысты, аталған бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері нақты тапсырмалар бойынша тиісті ұйымдастырушылық шаралар қабылдады. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөз сөйледі
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты