Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада инватакси саны артты

Астанада инватакси саны артты
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында қалада инватакси санының 30 бірлікке артқаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Биыл инватакси саны 30 бірлікке жуық артты. Мәселен, былтыр 117 көлік болса, қазір 145 көлік бар.

Инватаксидегі маңызды мәселе – мүгедектігі бар жандарды кресло-арбамен тасымалдауға арналған мамандандырылған машиналар санын арттыру. Мұндай арнайы машиналардың саны 26-ға дейін өсті. Бүгін Көлік министрі Марат Қарабаевпен осындай арнайы машиналардың артықшылықтарымен таныстым.

Жалпы, соңғы екі жылда инватакси саны 2 есеге жуық артты. Инватакси мүгедектігі бар жандарға тең мүмкіндіктер береді, олардың әлеуметтік интеграциясына және өмір сүру сапасына, қозғалу еркіндігін жақсартуға әсер етеді. Жаңа техника көрсетілетін қызметтердің жылдамдығын, үйлесімділігін және тиімділігін арттырады.

Сол сияқты оңалту орталықтарының желісін, қалалық ортаның қолжетімділігін, протездік-ортопедиялық көмекті, санаторий-курорттық емдеуді және т.б. кеңейту бойынша жұмыс істейміз», – деп жазды елорда әкімі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты