Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

229 мектепке дейінгі ұйым 2024 жылы реновациядан өтеді

229 мектепке дейінгі ұйым 2024 жылы реновациядан өтеді
Фото: pixabay.com

Бүгінде елімізде 11 346 мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту ұйымы бар. Биылғы жылы 229 мемлекеттік балабақшаны реновациядан өткізу жоспарлануда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Мектепке дейінгі ұйымдардың реновациясы балаларды тәрбиелеу мен оқыту жағдайын жақсартуға бағытталған. Өткен жылы 198 нысанға күрделі жөндеу жүргізіліп, компьютерлік техникасы жаңартылып, модернизациядан өткен болатын.

«Біз балаларымыздың оқуы мен дамуы үшін жақсы жағдай жасауға тырысамыз. Мектепке дейінгі ұйымдардың реновациясы – бұл әр баланың  болашағын жарқын, табысты етуге салынған инвестиция», - дейді мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамова.

Бұдан басқа, елімізде жаңадан балабақшалар ашылып, желісі кеңеюде. Соңғы 3 жылда мектепке дейінгі ұйымдардың желісі 801 нысанға көбейді. Ал соңғы бес жылда балабақшаларға кезектілік екі есеге кеміді, осылайша 2-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 91%-ды құрады. Осы жылы бұл көрсеткішті 92,5%-ға жеткізу көзделуде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді