Алматыда құрдастарын ұрып-соғып, онысын әлеуметтік желіге жариялап мақтанған екі қыз ұсталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Бір күн бұрын желіде қыздардың өздері түсірген және жариялаған бейне тарады. Кадрларда олар өздерін мектеп бітіріп жатқанын көрсететін түлектердің лентасын көрсетіп, содан кейін белгісіз жігітті аяусыз сабап жатады.
Бейне желі қолданушыларын дүр сілкіндірді.
Алматы полиция департаментінде қыздар ұсталды деп сендірді.
"Кәмелетке толмаған күдіктілер полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың ата-аналарының қатысуымен тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа жағдайлар анықталып жатыр, - делінген хабарламада.
Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.