Түркістан облысы Сайрам ауданында жоғалып кеткен 10-сынып оқушысы өлі табылды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім бірнеше күн бойы үйінде болмаған. Оның туыстары хабар-ошарсыз кеткенін айтып, құзырлы органдарға хабарласқан. Артынша кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды.
Полиция суицид фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, сараптама тағайындады.
Мемлекет басшысы Руанда Президенті Поль Кагамемен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді Ауқымды жаңғырту: Есіл ауданында абаттандыру жұмысы жүріп жатыр"Сайрам ауданында кәмелетке толмаған баланың өз-өзіне қол жұмсауы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалып, барлық мән-жайы анықталып жатыр. Басқа ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады Түркістан облысының полиция департаменті.