Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Блогерді қорлаған: Алматыда стендап-комик 15 тәулікке қамауға алынды

Блогерді қорлаған: Алматыда стендап-комик 15 тәулікке қамауға алынды
Фото: pixabay.com

Соттың мәліметінше, айыпталушы өз кінәсін толық мойындаған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілішсі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жоғарғы Сот Алматыда ұсақ бұзақылық жасады деп айыпталған стендап-комиктің ісі қаралғанын хабарлады.

Толығырақ

– Сот айыпталушының жиналғандар алдында дөрекі сөз сөйлеп, сол арқылы қоғамдық тәртіпті бұзғанын анықтады. Айыпталушы кінәні толық мойындады, іс материалдарында көрсетілген фактілер расталды, - делінген хабарламада.

Сот шешімі

Комик кінәлі деп танылып, 15 күнге қамауға алынды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мадлен деген атпен танымал блогер Мадинахон Мамадалиева әзілкеш Нұрасхан Басқожаевтың сөзіне наразылығын білдіргеннен кейін қазақстандық интернет кеңістігі шулап кеткен еді.

Даудың басы

Оқиға Мадленнің әзілінен басталған.

– Ары қарай да ақша ұрлап, бәріне Дубайға кете беруге болады. Содан кейін Мадлен секілді блогерлерді Дубайға шақырып, сол жерде олармен бірге жатып, Қазақстанның солтүстігі суға қалай батып бара жатқанын көре беруге де, - деген әзілкеш әзілінде.

Бұл сөз Мадленнің намысына тиіп кетсе керек. Ол өзінің Instagram парақшасында Басқожаевты айыптап, өз құқығын заңды түрде қорғайтынын жазды.

– Маған белгісіз бір клоунның стендапы жекеме келді. Өз ісіммен айналысып жатқанда, кейбір сайқымазақ, арзан клоундар менің атыма, беделіме нұқсан келтіріп жатыр, - дейді блогер.

Мадлен әлеуметтік желілер арқылы әрдайым адал еңбекпен ақша жапқанын жазады.

– Мен арыз жазамын. Сөзбен менің намысыма тиетін сен кімсің!? Ешкім күлген жоқ! Сотта кездесеміз. Біз бүкіл ел әйелдердің құқықтары үшін күресіп жатырмыз, олар қорланбасын дейміз. Біз мұны бұлай қалдырмауымыз керек. Әзілкеш билеттерін 1000 теңгеге сатады, ал су тасқынына біз 200 млн теңгеден астам қаражат жинадық, - деп жазады блогер.

Кейіннен Басқожаев дауды реттеуге тырысып, Мадленнен Instagram-дағы жазбасы үшін кешірім сұрады. Соған қарамастан Мамадалиева әзілкеш өз сөздері үшін жауап беруі керек деп мәлімдеді.

Мадленнің Instagram-да екі миллионнан астам жазылушысы бар.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты