Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

"ҚазАвтоЖол" ақылы жолдар арқылы гуманитарлық жүктерді тегін тасуға өтініштер түскенін айтты

Фото: "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ға гуманитарлық жүкті еліміздің батысы мен солтүстік өңірлерге тегін жеткізуді сұраған көлік жүргізушілері мен еріктілерден 40-тан астам өтінім келіп түскен, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ өздеріне ақылы жолдар арқылы гуманитарлық жүкті тасу үшін 40-тан астам өтінім келіп түскенін хабарлады.

"Бүгінгі таңда жүргізушілер мен еріктілерден 40-тан астам өтінім келіп түсті. Гуманитарлық көмектің көбісі еліміздің батыс және солтүстік өңірлеріне бағытталған. Шымкент, Алматы, Өскемен, Орал, Түркістан және Астана қалаларынан келіп түскен негізгі өтінімдер "Шымкент-Құлсары", "Шу-Петропавл", "Алматы-Орал", "Талдықорған-Петропавл", "Өскемен-Петропавл", "Астана-Петропавл" бағыттары арқылы жеткізіліп жатыр", делінген хабарламада.

Жүргізушілер аймақтарға азық-түлік, киім-кешек, киіз үйлермен және басқа да қажетті заттарды жеткізуде.

Естеріңіз сала кетейік, ақылы жолдар 2024 жылдың 24 сәуірінен бастап 5 мамырға дейін тегін болады.

Ақылы жолдарда тегін жүру мүмкіндігін пайдалану үшін көлік жүргізушілері 1403 байланыс орталығына хабарласып, өтінім қалдыруы қажет. Өтінім берген кезде көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірін және жоспарланған бағытты көрсету керек.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты