Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астана қаласынан Батыс Қазақстан облысына гуманитарлық көмек жіберілді

Астана қаласынан Батыс Қазақстан облысына гуманитарлық көмек жіберілді
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанадан су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 1 мың тоннаға жуық гуманитарлық көмек жіберілді. «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалынан Батыс Қазақстан облысына 20 тоннадан астам кезекті гуманитарлық көмек жөнелтілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарға «AMANAT» партиясының әр облыстағы филиалы өзінің шама шарқынша көмектесіп жатыр. Мәжіліс депуттары, партияның белді азаматтары, «Жастар рухы» жастар қанатының қыз-жігіттері ел арасында жүр. Әрқайсысы өз деңгейінде тиісті шараларды қабылдап, азаматтардың иығына түскен ауырпалықты қатар еңсеріп келеді», - дейді «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбек.

Жүк көлігіне тұрмыстық және гигиеналық заттар, моторлы қайық, қап, күрек, су, етік және тағы басқа қажет заттар тиелді.Гуманитарлық көмек жинау жалғасып жатыр. Бұған дейін партияның елордалық филиалы қала әкімдігімен, мәслихат депутаттарымен, Бастауыш партия ұйымдарымен, шағын, орта және ірі кәсіп өкілдерімен бірлесіп Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарына гуманитарлық көмек жібергенін естеріңізге сала кетейік.Сонымен қатар, елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы Достық үйінің базасында су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындары үшін гуманитарлық көмек жинау бойынша әлеуметтік акция ұйымдастырды. Көмек Ақмола және Қарағанды облыстарының тұрғындарына жеткізілді. Зардап шеккендерге киім, тамақ, гигиена құралдары, төсек-орын, ыдыс-аяқ және дәрі-дәрмектер жиналды.

Естеріңізге сала кетейік, елордада гуманитарлық көмекті қабылдайтын 9 пункт жұмыс істейді, жиынға 30-ға жуық еріктілер ұйымы қатысады.Күн сайын 200-ден астам ерікті қажетті заттарды сұрыптап жібереді. Жиналған көмектің ішінде киім, азық-түлік, гигиена құралдары мен аяқ киім басты орын алады.Еріктілер қаржылық көмекті қабылдамайды. Ниет білдірушілер жинау орындарына қажетті заттарды жинап, әкеле алады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөз сөйледі
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады