Антициклон сілемі еліміздің көптеген аймақтарында жауын-шашынсыз ауа-райын сақтайды, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Синоптиктердің болжауынша, Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронттардың өтуімен өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыс және оңтүстік облыстарда шаңды дауылмен екпінді жел күшейеді.
Күндізгі температура батыста және оңтүстікте 25-32 градус жылыға дейін, солтүстікте және орталықта 20-28 градус жылыға дейін ысиды, ал еліміздің шығысында 17-25 градус жылыға дейін аздап жоғарылайды.