Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қыстың алғашқы күндері елімізде ауа райы қандай болады

Синоптиктер қыстың алғашқы күндері ел аумағында ауа температурасы төмендейтінін айтады. 1-3 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын Қазгидромет РМК ұсынды, деп жазады kazlenta.kz

Синоптиктердің айтуынша, кезекті антициклонның жылжуымен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді. Дегенмен батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында оңтүстік циклон белсенді болады, соның әсерінен жауын-шашын, көбінесе қар жауады.

1 желтоқсанда оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, 2 желтоқсан күні атмосфералық фронттардың өтуімен шығыста қатты қар жауады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік, оңтүстік-шығыста – тұман, көктайғақ, ал шығыс және орталықта – боран болады.

Ауа температурасы түнде: еліміздің батысында 2-16 градус аяздан, 5-18 градус аязға дейін болады; солтүстік-батыста 7-27 градус аяздан 14-30 градус аязға дейін төмен түседі; солтүстік өңірлерде 15-28 градус аяздан 22-32 градус аязға дейін болса; орталықта 5-20 градус аяздан 13-30 градус аяз болады; республиканың шығысында 15-35 градус аяздан 22-37 градус аяз, оңтүстікте 3-12 градус аяздан 8-17 градус аяз, оңтүстік-шығыста 1-20 градус аяздан 8-28 градус аязға дейін төмендейді. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты