Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО ауданында полицейлер қараусыз қалған үйлерді күзетіп жүр

СҚО ауданында полицейлер қараусыз қалған үйлерді күзетіп жүр
Фото: polisia.kz

СҚО ауданында полицейлер қараусыз қалған үйлерді күзетіп жүр, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Эвакуациялау кезінде 30 адам оның ішінде 7 баланы қауіпсіз жерге шығаруға тура келген Ғ.Мүсірепов атындағы аудан ауылдарының су тасқынының беті қайтты. Новоишимское аудан орталығында ең көп қауіпке Набережная және Интернациональная көшелері ұшырады. Судан зардап шеккен үйлерге оралуға әлі ерте болғандықтан, адамдар күндіз келіп, тұрғын үйлерін қалпына келтіре бастады. Ал түнгі уақытта туыстарына барып қонуға мәжбүр. Полицейлер болса бұрынғысынша ауыл тұрғындарының мүлкін күзете отырып, тәулік бойы кезекшілік етеді.

Аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Нарлан Жұмабаев елді мекендерді күзететін жасақтарды, жолдардағы бекеттерді үнемі тексеріп отырады. Қазіргі уақытта аудан орталығы мен Червонный ауылы арасындағы жол үстінен судың өтуі сақталуда. Полиция қажет болған жағдайда көмек көрсету үшін жақын маңда кезекшілік атқарады.

Облыстық полиция департаменті бастығы Айдын Қабдұлдиновтың өкімі бойынша Новоишим және Привольный ауылдарының арасындағы көпірге жеке пост қойылды.

– Мұнда адамдар жайылған суға қарауға жиі тоқтайтын көрінеді. Алайда тасыған су жарды шайып жатқандықтан бұл өте қауіпті. Жалпы ауданда су тасқыны жағдайы тұрақты, мародерлік фактілерінің алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қадағалау бойынша тәулік бойы жұмыс жалғасуда, – деп хабарлайды аудандық полиция бөлімінің бастығы Марат Әлжанов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты