Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Маңғыстау облысының 28 білім беру нысаны Атырау облысынан эвакуацияланған тұрғындарды қабылдады

Маңғыстау облысының 28 білім беру нысаны Атырау облысынан эвакуацияланған тұрғындарды қабылдады
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

ҚР Оқу-ағарту министрі Маңғыстау облысында болып, Атырау өңірінен эвакуацияланған тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі  ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Ақтау қаласындағы оңалту орталығының жатақханасына Атырау облысының 73 тұрғыны орналастырылған, оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін 11 бала бар. Кездесуде Ғани Бейсембаев үкімет тарапынан балалар үшін қауіпсіз және қолайлы жағдай жасауға аса көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.  
«Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың шығындарын өтеу туралы тапсырма берді. Үкімет бүгінгі таңда материалдық шығындарды өтеу бойынша шаралар қабылдауда. Біз үшін су тасқыны мен қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанға дейін балаларды оқумен және демалумен қамтамасыз ету аса маңызды. Оқу процесін тиімді ұйымдастыру мақсатында барлық жағдайлар жасалуда. Жалпыға бірдей білім беру қорының аясында балалар қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етіледі. Бұл жұмыстар әлі де жалғасатын болады», - деді министр. 
Сондай-ақ министр мектептер мен колледждердегі эвакуациялық және гуманитарлық көмек қабылдау пункттерінде болды. Маңғыстау облысында барлығы 28 білім беру ұйымы азаматтарды уақытша орналастыру пункті ретінде ұйымдастырылған.  Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін министр Атырау облысында болып, педагогтермен және тұрғындармен кездесті. Маңғыстау облысынан кейін ол еліміздің солтүстігіндегі өңірлердің ахуалымен танысады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді