Абзал Досжанов Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
"Қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС бас директоры лауазымына Абзал Досжанов тағайындалды", - делінген компания сайтында.
Досжанов Атырау тумасы, еңбек жолын 2006 жылы Атырау мұнай өңдеу зауытында технологиялық қондырғылардың операторы ретінде бастап, гидрогенизациялық процестер ауысымының бастығына дейін көтерілген. "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мұнай өңдеу және мұнай химиясы департаменті мұнай өңдеу басқармасының бастығы қызметін атқарған.
2024 жылдың ақпанында Атырау мұнай өңдеу зауытының (МӨЗ) бас директоры мен зауыттың бас инженері қызметтерінен босатылғаны белгілі болды.
Қаржы мониторингі агенттігі "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС басшылығына қатысты тергеу туралы хабарлады.