Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет Атырау мен Павлодардағы мұнай зауыттарына 5 жылда 2 трлн теңге құйды

Мемлекет Атырау мен Павлодардағы мұнай зауыттарына 5 жылда 2 трлн теңге құйды
Фото: pnhz.kz

Мемлекет жұмысы жиі тоқтап қала беретін Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ) мен Павлодар мұнай-химия зауытына (ПМХЗ) бес жыл ішінде 2 трлн теңгеге жуық қаржы құйған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (АЗРК) ұсынған жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі және монополистік қызметті шектеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есепте айтылған.

"Мұнай өңдеу зауыттарын мемлекетін басқарудың сапасыздығы жоспардан тыс жөндеу жұмыстарының санымен сипатталады. Ақпан айында Атырау МӨЗ каталитикалық крекингті тоқтатты. Осы айда Павлодар МӨЗ сутегі өндірісінің қондырғысындағы ақауға байланысты дизель отынын шығаруды да апатты түрде тоқтатты. Бұл ретте, Атырау және Павлодар МӨЗ жаңғыртуға салынған қаражаттың жалпы сомасы бес жыл ішінде 1,9 трлн теңгені құрады. Соңғы үш жылда аталған мемлекеттік МӨЗ жұмысы жоспардан тыс  106 мәрте тоқтады, ал шетелдік инвестормен  (50,2%) бірлесе басқарылатын Шымкент МӨЗ жұмысы жоспардан тыс 21 рет тоқтады, бұл активті неғұрлым тиімді басқаруды көрсетеді. Өз кезегінде, МӨЗ-ге мемлекеттік қатысу апаттарды жоюды қиындатады, өйткені қолданыстағы заңнамаға сәйкес жабдықтарды сатып алу шарттарын жүргізу және сақтау қажет", - делінген есепте.

Еске салайық, 3 шілде күні МАЭК-те №1 энергетикалық блоктың жұмысы апатты жағдайда тоқтап қалған болатын. Апат салдарынан "Атырау мұнай өңдеу зауытының" жұмысы да тоқтады. Қаланың біраз бөлігі жарықсыз қалды.

МАЭК қызметкерлері сәуір айында кәсіпорында жабдықтардың тозғанын, сондай-ақ жалақының төмендігіне байланысты кадрлар жетіспейтінін айтқан. Ulysmedia тілшісі энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтен неге бұл ескертуді ешкім елемегенін сұрады.

Министр МАЭК-тегі жағдайдың күрделі екенін растады. Онда толық көлемде күрделі жөндеу жүргізілмеген, қаржыландыру жеткіліксіз болған.

Ал үкімет басшысы Әлихан Смайылов Атырау зауытындағы апат салдарынан елде жанармай тапшылығы туындамайтынына сендірді.

Сондай-ақ, бұдан бұрын электр желілеріндегі іркілістер елдегі мұнай кәсіпорындарына қанша шығын келтіргенін жазғанбыз.

13 шілдеде Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында (МАЭК) және Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) тексерудің алдын ала қорытындысы жарияланды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді