Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбе облысында ауыл тұрғындарына несие рәсімдеуге “көмектескен” күдікті анықталды

Ақтөбе облысында ауыл тұрғындарына несие рәсімдеуге “көмектескен” күдікті анықталды
Фото: pixabay.com

Ақтөбе облысында ауыл тұрғындарына несие рәсімдеуге көмектесіп, ақшаның бір бөлігін заңсыз өз қалтасына басып отырған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды  kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жәбірленушілердің өздері келіп, күдіктіден телефон арқылы несие алуға көмектесуін сұрағаны анықталды. Күдікті әйел ауыл тұрғындары сұраған сомадан көп мөлшерде несие рәсімдеп, оның бір бөлігін өзі алып отырған.

Мысалы, күдікті өзінің телефонына орнатылған қосымша арқылы көршісіне 1 млн теңге сомасында несие ресімдеп, оған небәрі 500 мың теңге аударып, қалған бөлігін өзіне қалдырған. Зардап шеккендер банктен хабарлама ала бастағанда алдаудың құрбаны болғанын білген.

Бүгінгі таңда 6 жәбірленуші анықталды, жалпы шығын шамамен 4 млн теңгені құрады. Күдікті ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Полиция департаменті азаматтарды қаржылық операциялар кезінде мұқият болуға және мұны бөгде адамдарға сеніп тапсырмауға шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді