Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында бір тәулікте 10-нан астам алаяқтық жайты тіркелді

Түркістан облысында бір тәулікте 10-нан астам алаяқтық жайты тіркелді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД қалалық және аудандық полиция бөлімшелерінің кезекші бөлімдеріне алаяқтыққа байланысты 10-нан астам хабарлама келіп түсті. Олардың ішінде: әлеуметтік көмек немесе мемлекеттік субсидия алу сылтауымен азаматтарды алдаудың алты дерегі, екі жайт – біреудің атына несие ресімдеу, бір жайт – “ақшаны еселеп көбейту” арқылы кірісті ұлғайту, ал қалғандары – басқа тәсілдермен.

Алаяқтардың құрбаны болған жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі шамамен 9 миллион теңгені құрады.

Мысалы, Түркістан ҚПБ кезекші бөліміне жәбірленуші арызданып, банктердің бірінде белгісіз біреулер оның атына ірі сомаға несие рәсімдегенін көрсеткен. Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер банктің бұрынғы қызметкерін ұстады.

Белгілі болғандай, күдікті жас жігіт алдау жолымен екі миллион теңгеден астам қаражатты иемденіп алған. Сондай-ақ алаяқтың тағы бір қала тұрғынының атынан 3 миллион теңгеден астам несие алғаны анықталды.

Қазіргі уақытта аталған жайттар бойынша ҚР ҚК 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ер адам қамауда. Тергеу күдіктінің тағы бірнеше алаяқтық деректеріне қатысы болуы мүмкін екенін алға тартады.

Жетісай АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып, алаяқ өзінен жарты миллионнан астам теңгені алдау жолымен алып кеткенін хабарлаған. Жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс әйел оған кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік субсидия алуға көмектесуге уәде берген. Сенгіш ауыл тұрғыны алаяққа 560 мың теңге берген, бірақ уәде орындалмаған. Жедел іс-шара барысында барысында тәртіп сақшылары күдікті – Мақтаарал ауданының тұрғынын анықтап, аудандық бөлімге жеткізді.

Қазіргі уақытта алаяқтық жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөз сөйледі
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады