Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жүрегі тоқтап, қайтыс болды: СІМ АҚШ-тағы қазақстандық чемпионның өлімінің мән-жайын айтты

Жүрегі тоқтап, қайтыс болды: СІМ АҚШ-тағы қазақстандық чемпионның өлімінің мән-жайын айтты
Фото: Қазақстан Күрес федерациясы

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров АҚШ-та қайтыс болған 27 жастағы еркін күрестен Олимпиада чемпионы Мұхамбет Қуатбектің оқиғасы туралы мән-жайды айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Не болды

Бір күн бұрын жасөспірімдер арасындағы 2014 жылғы Олимпиада чемпионы Мұхамбет Қуатбектің қайтыс болғаны белгілі болды.

Нью-Йорктегі консулдыққа Филадельфияда Қазақстан азаматының қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Отандасымыздың денесі 16 наурыз күні Филадельфия мәйітханасына жеткізілді. Қаланың сот-медициналық сапартама өлімге жүректің тоқтауы себеп болғанын хабарлады. Нақты ақпаратты күтеміз, - деді Смадияров.

СІМ өкілі Қазақстанның консулы қайтыс болған азаматымыздың туыстарымен байланыста екенін атап өтті. Қазір мәйітті Қазақстанға жеткізуге дайындық жүріп жатыр.

Мұхамбет Қуатбек

Мұхамбет Қуатбектің мансабындағы басты жетістігі жасөспірімдер Олимпиадасының алтын медалі болды: қазақстандық 2014 жылы Нанкин (Қытай) қаласында ең жоғары марапатты жеңіп алды. Ол 54 келіге дейінгі салмақта сынға түсті.

Қуатбек жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында да қола жүлдегер атанып, екі рет жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында жүлдегерлер қатарынан көрінді – құрлық біріншілігінде күміс және қола медальдарды иеленді.

2017 жылы кәсіпқой спорттан кетті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады