Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Darkhan Juzz-дің денесі 28 ақпанда Алматыға жеткізіледі

Darkhan Juzz-дің денесі 28 ақпанда Алматыға жеткізіледі
Фото: Instagram/d.juzz

Сыртқы істер министрлігі әнші, музыкант Darkhan Juzz-дің денесі 28 ақпан күні Пхукет-Алматы рейсімен жететінін мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

24 ақпан күні Darkhan Juzz лақап атымен танылған музыкант қайтыс болғаны хабарланған еді. Қаралы хабарды ҚР Сыртқы істер министрлігі нақтылады. Таиланд полициясының мәліметіне сай, Дархан Жүнісбеков 24 ақпанда Пхукет аралында опат болды.

"Отандасымыз Дархан Жүнісбековтің денесі 28 ақпан күні Алматыға Air Astana компаниясының Пхукет-Алматы рейсімен жеткізіледі. Жеткізу шығынын компания өз мойнына алды. Тайландтағы шығындарды отандасымыздың достары төлеген", - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Бұған дейін Дархан Жүнісбековтің продюсері қаржы жинап жатқаны туралы хабар тараған еді. Айбек Смадияровтың айтуынша, жиналған қаражат марқұмның туыстарына беріледі.

Дархан Жүнісбеков 1991 жылы 9 тамызда Алматыда дүниеге келген. Көпке Darkhan Juzz деген атпен танылған әнші - "Үйде", "Сапар", "Шекер", "Кейіпкер" әндерін шығарып, өзі оны орындайтын. Оның инди-поп жанрындағы әндері ерекше жаңа стиль алып келген еді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді