Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Аудан орталықтарында 200-ге жуық NIS тірек мектептері құрылады

Аудан орталықтарында 200-ге жуық NIS тірек мектептері құрылады
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті. Кеңесте дербес білім беру ұйымының алдағы 10 жылғы даму стратегиясы қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин атап өткендей, ұйым жұмысында технологиялар трансфертіне ерекше мән берілмек. Сондықтан мұғалімдерді қайта даярлау, оқытудың жаңа технологиялары мен оқушылардың үлгерімін бағалау жөніндегі ішкі жүйені енгізу үшін аудан орталықтарында 200 тірек мектеп құру жоспарлануда. Қазір осы бағытта жұмыс істеп тұрған 85 нысан нәтижелілігін көрсете білді. Мәселен, Атырау облысының мектептері PISA нәтижесі бойынша үлгерім деңгейін 23 балға арттырған.

Даму стратегиясы негізгі үш бағытты қамтиды.

«Алғашқысы – Назарбаев Зияткерлік мектептері потенциалын білім берудегі алдыңғы қатарлы технологияларын жасақтаушы және бейімдеуші үздік кейс есебінде ары қарай дамыту. Екінші бағыт елде зияткерлік капиталды дамыту мақсатында осы әдістемені жалпы білім беретін мекемелерге таратуды қарастырады. Үшіншісі қазақстандық білім беру брендін шетелде кеңірек дамытуды көздейді», — деді Ә. Жанғозин. 

Сондай-ақ алыс-жақын шетелдерде Қазақстанның білім беру брендін қалыптастыру маңызды. Бүгінде NIS базасында Орталық Азия елдері, РФ, Әзербайжан ұстаздары оқудан өтті. Африка құрлығының бірқатар мемлекетінің ұстаздарын қайта даярлау ісі аяқталуға жақын. Осылайша отандық білім беру өнімін экспорттауға жағдай жасалуда. 

Әнуар Жанғозин Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі мен қалыптасқан дәстүрі халықаралық аренаға шығуға мүмкіндік береді деген сенімде. Білім ордасынан түлеп ұшқан 550 азамат әлемнің үздік 100 университетіне оқуға түскен. Мектептің бағдарламасы 60 беделді жоғары оқу орнымен мойындалған.

«Бұл даму стратегиясы тек Назарбаев Зияткерлік мектептерге ғана емес, жалпы білім беру саласына қатысты. Себебі дербес білім беру ұйымы оқу сапасын арттыруға бағытталған ұлттық баяндама жобасын жүзеге асыруға тікелей атсалысады. 15 жылда мектеп оқытудың үздік тәжірибесін қалыптастыра алды. Енді оны өзге білім ошақтарына тарату біз үшін маңызды», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

Ұсынылған даму стратегиясын қамқоршылық кеңес мүшелері бірауыздан қолдады. Мекеменің қаржылық тұрақтылығы, қолда бар ресурстарды пайдалану, ұстаздар резервін қалыптастыруға қатысты ұсыныстарын да жеткізді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді