Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Әзербайжан президенттері Физули қаласын дамытудың бас жоспарымен танысты

Қазақстан мен Әзербайжан президенттері Физули қаласын дамытудың бас жоспарымен танысты
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасына жасаған мемлекеттік сапарының екінші күні Ильхам Әлиевпен бірге Физули қаласындағы қираған жерлерді аралап көріп, шаһарды дамытуға арналған бас жоспармен танысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекеттер басшыларына қаланы және оның төңірегіндегі аумақтарды қайта қалпына келтіру үшін қолға алынған шаралар туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ шаһардың жаңа келбеті: келешек әкімшілік орталықтың, саябақтың және басқа да маңызды нысандардың эскиздері мен жобалары көрсетілді.

Бұдан бөлек, екі ел президенттеріне қазіргі уақытта қалада ауқымды құрылыс және қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқаны жөнінде баяндалды. Былтыр мамыр айында қала ішіндегі көшелер мен жолдар желісінің негізі қаланып, ауызсумен қамтамасыз ету, кәріз және жауын суының ағып кету жүйесін тарту жұмыстары басталған. Сондай-ақ цифрлық қосалқы станция мен «Физули» басқару орталығы іске қосылған.

Сонымен қатар бір мезгілде әкімшілік ғимараттардың, коммуналдық үй-жайлардың, тұрғын үй кварталының құрылысы басталған. Қазір Физулиде 38 көпқабатты ғимараттың құрылысы жүргізіліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты