Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматының Шаңырақ-1 шағынауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жаңа сквер ашылды

Алматының Шаңырақ-1 шағынауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жаңа сквер ашылды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматының Шаңырақ-1 шағынауданындағы Ақын Сара көшесінде тұрғындардың серуендеп, тынығуына арналған жаңа қоғамдық кеңістік көркейтілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоба «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Бұл бағдарлама қала тұрғындарына шағынаудандарын көркейту бойынша бастамасын ұсынуға мүмкіндік береді.

Сквер аумағында жүргінші жолы салынып, демалуға арналған орындықтар мен жарық шамдары орнатылды, сондай-ақ көгал төселді.

Енді шағынаудан тұрғындары серуендеп, отбасымен уақыт өткізіп, таза ауада тынығуға болатын тағы бір көрікті орынға ие болды.

Еске салайық, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасына өтінім қабылдау 1 қарашаға дейін жалғасады.

Тұрғындар аула мен қоғамдық кеңістіктерді көріктендіруге бағытталған жобасын ұсынып, ауданының дамуына үлес қоса алады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды