Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ бір апта ішінде іздеуде жүрген 87 қылмыскерді ұстады

ІІМ бір апта ішінде іздеуде жүрген 87 қылмыскерді ұстады
Фото: polisia.kz

19-27 ақпан аралығында ІІМ жедел уәкілдері ел аумағында іздеуде жүрген 87 қылмыскерді ұстады. Оның 17-сі шетелдік әріптестердің сұрауы бойынша құрықталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

– Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Абай облысында халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды. Ол 2018 жылы Алматыда топ құрамында алдын ала сөз байласу арқылы адам өлтірген. Оның екі сыбайласы бұрын ұсталып, сотталған.

Түркістан облысында “Жібек жолы” бекетінде шекарадан өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды. Ол 2016 жылы өзінің сыбайласымен бірге Ресей Федерациясының Мәскеу облысында үш адамды өлтірген.<!--more-->

Жамбыл облысында көрші мемлекеттің құқық қорғау органдарымен аса ірі мөлшерде пәтер ұрлығын жасағаны үшін іздеуде жүрген тағы бір өзбекстандық ұсталды.

Қызылордада адам ұрлады деп күдікке ілінген ер адам құрықталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қаскөй 1996 жылы бірнеше адаммен бірге екі адамға күш қолданып, оларды көлікке отырғызып, белгісіз бағытта алып кеткен. Бұл қылмысқа қатысы бар тағы бір қылмыскер бұған дейін ұсталған болатын.

Шымкентте полицейлер жергілікті тұрғынды ұстады. Ер адам танысын арзан бағада жанармай жеткіземін деп алдап, оның ақшасын иемденген. Келтірілген шығын 18 млн теңгеге жуық.

Алматы облысында шетелдік азаматты ұрып-соғып, оны пышақпен жарақаттаған екі ер адам ұсталды.

Барлық қылмыскер уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Бұдан бөлек, республиканың криминалдық полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен 53 адамның орналасқан жерін анықтады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөз сөйледі
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады