Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

30 жылға жуық халықаралық іздеуде жүрген ресейлік ШҚО-да ұсталды

30 жылға жуық халықаралық іздеуде жүрген ресейлік ШҚО-да ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 
Ағымдағы жылдың 25 қыркүйек 1 қазан аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында “Іздеу” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Аталған жедел алдын алу шарасын жүргізу барысында Семей қаласындағы криминалдық полиция қызметкерлері 30 жылға жуық Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарынан жасырынып келген сол елдің азаматын ұстады. Іздеуде болған азамат 1992 жылдың ақпанынан бастап адам өліміне әкеп соққан дене жарақатын салумен байланысты аса ауыр қылмыс жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде болған.
Тәртіп сақшыларына келіп түскен жедел ақпараттың нәтижесінде, жылдар бойы жасырынып келген адамды анықтаған. Ол қаншама жылдар бойы бірге тұрған әйелге өзін жалған атпен таныстырып, шынайы деректерін жасырып келген. ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов атап өткендей:
– Қазіргі уақытта аталған қылмыстық қылмыскерді Ресей Федерациясына экстрадициялау туралы мәселе шешілуде.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда