Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Азия елдері коронавирустан кейінгі кезеңде ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түркия төрағалығының бастамасымен онлайн форматта өткен Азиядағы ынтымақтастық жөніндегі диалогқа (АЫД) мүше-мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының 17-ші отырысына қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Іс-шара барысында М.Тілеуберді коронавирустан кейінгі кезеңде инвестицияларды тарту, бизнесті, сауда мен туризмді дамыту саласындағы практикалық өзара іс-қимылды нығайтудың жолдарын бірлесіп іздеудің маңыздылығын атап өтті. Қазақстан тарапы Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің төрағасы ретінде, Азия және Таяу Шығыс мемлекеттерінің экономикалық дамуы үшін осы құрылымдардың кооперативтік әлеуетін неғұрлым кеңінен пайдалану мақсатында, АӨСШК және АЫД Хатшылықтары арасында ынтымақтастық орнатуды ұсынды.


Қатысушылар өңірлік дамудың өзекті мәселелерін талқылады және АЫД шеңберінде ынтымақтастықты одан әрі арттыру үшін күш-жігерін салуға келісті.


Іс-шара қорытындысы бойынша Анкара декларациясы қабылданды.


АЫД - Азиядағы саяси және экономикалық ынтымақтастықтың түрлі бағыттары бойынша диалогқа, консультацияларға, шешімдер қабылдауға және консенсус негізінде шараларды жүзеге асыруға арналған мемлекетаралық форум. 2002 жылғы 19 маусымда құрылған. Қазіргі уақытта Азия мен Таяу Шығыстың 35 мемлекеті АЫД мүшесі болып табылады. Қазақстан форумға 2003 жылы қосылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты