Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарусыздану дипломатиясының әлеуетін ашу - ең маңызды міндет

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Иордания астанасы Амман қаласында онлайн форматта ұйымдастырылған Ядролық қарусыздану және ядролық қаруды таратпау туралы шартты (ЯҚТШ) қолдау жөніндегі Стокгольм бастамасының үшінші Министрлік кездесуіне қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Қатысушылар қарусыздандыру дипломатиясының әлеуетін ашудың ықтимал жолдарын талқылады, бұл ағымдағы жылдың тамыз айына жоспарланған ЯҚТШ мерейтойлық Шолу Конференциясын өткізу алдында ерекше өзекті.


Министр «әлемдегі күрделі жағдайды ескере отырып, барлық мемлекеттердің сенімді қалпына келтіру бойынша бірлескен күшейтілген жұмыстың маңыздылығы қазіргі заманның көптеген проблемаларын шешудің кілті болып табылатынын» атап өтті. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарудан азат әлем үшін Жаһандық Көшбасшылар альянсын құру жөніндегі бастамасын қоса алғанда, ядролық державалар арасында диалог құру жөніндегі қазақстандық бастамалардың өзектілігі атап өтілді.


Ол сондай-ақ ЯҚТШ Шолу Конференциясы ядролық қарусыздану тарихындағы маңызды оқиға – Семей сынақ полигонының жабылуының 30 жылдығымен сәйкес келетінін атап өтті.


Қазақстан 2019 жылдан бері іске асырылып келе жатқан Ядролық қарусыздану және ядролық қаруды таратпау туралы шартты (ЯҚТШ) қолдау жөніндегі Стокгольм бастамасының белсенді қатысушысы болып табылады.


Планетаның әртүрлі континенттерін (Аргентина, Канада, Финляндия, Германия, Индонезия, Жапония, Иордания, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, Корея Республикасы, Испания, Швеция және Швейцария) ұсынатын осы форматтағы қатысушылар халықаралық қоғамдастықты, ең алдымен ядролық қаруы бар мемлекеттерді доктриналар мен қауіпсіздік саясатындағы ядролық қарудың рөлін төмендету үшін барлық қолда бар мүмкіндіктерді пайдалануға, сондай-ақ толық ядролық қарусыздануға шақырады.


Келесі министрлік кездесу ЯҚТШ Шолу Конференциясы қарсаңында өтеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда