Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкенттік тәртіп сақшылары арыстанды іздеп тапты (видео)

Шымкент қаласының полицейлері бір тәулік ішінде еркіндікте жүрген арыстанды тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.


Арыстанды іздеуге Шымкент қаласы ПД Жергігілікті полиция қызметі басқармасы және Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері жұмылдырылды.


Тәртіп сақшылары жақын маңдағы аумақтарды аралап, оның жүруі мүмкін барлық жерлерді тексерді, тұрғындардан сұрастырды. Сондай-ақ жергілікті тұрғындар да полицияға жан-жақты көмек көрсетті.


2021 жылдың 21 қаңтарында бірлескен іс-әрекеттердің нәтижесінде Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасының қызметкерлері арыстанның жүрген жерін анықтап, Хайуанаттар бағының қызметкерлеріне тапсырды.



Естеріңізге салсақ, 2021 жылдың 19 қаңтарында “Instagram” әлеуметтік желісіндегі парақшалардың бірінде азаматтардың қонақ үйде арыстан көргені туралы бейнежазба жарияланған болатын.

2021 жылдың 20 қаңтарында Шымкент қаласының ПД Әл-Фараби ауданының ПБ қызметкерлері аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабымен (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.


Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталуда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты