Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Теміржол қызметі бір жылда 10,7-%-ға қымбаттаған

Теміржол қызметі бір жылда 10,7-%-ға қымбаттаған
Фото: pixabay.com

Биыл қаңтарда теміржол көлігімен 1,8 млн жолаушы тасымалданды, бұл бір жыл бұрынғыдан 5,6% артық, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Energyprom.kz жазуынша, биыл қаңтарда теміржол көлігімен 31,8 млн тонна жүк пен багаж тасымалданды, бұл бір жыл бұрынғыдан 5,5% аз.

2024 жылдың қаңтарының соңында теміржол көлігі қызметі бір жылда 10,7% қымбаттады. Оның ішінде қала маңындағы пойызбен қатынау 11,5%, республикаішілік пойыздың купе вагонында жүру — 8,8%, республикаішілік пойыздың плацкарт вагонында жүру — 11,8% қымбаттады, - деп жазылған хабарламада.

Өңірлер арасында баға Маңғыстау облысында айтарлықтай өсті: 33%. Одан кейін Шығыс Қазақстан облысы (24,9%) және Алматы (24%). Бағаның ең аз жылдық өсімі Жетісу облысында байқалды: 0,3%. Шымкентте және Атырау облысында баға төмендеді — тиісінше 1,7% және 2,3%.

Қала маңы пойызбен жүру ең көп Ақмола облысында қымбаттады: 53,5%. Республикаішілік пойыздың купе вагонында жол жүру бағасы ең көп Маңғыстау облысында (45,9%), республикаішілік пойыздың плацкарт вагонында жүру ең көп Шығыс Қазақстан облысында айтарлықтай (42%) қымбаттады.

Былтыр қаңтар-желтоқсанда жүк темiр жол көлiгi саласында негiзгi капиталға салынған инвестиция 239,2 млрд теңгеге жетiп, ақшалай 2,4 есе өскен. Қаражаттың негізгі бөлігі Астанаға түсті: 78,6% немесе 188 млрд теңге. Одан кейін Ақмола облысы – 19,8%. Қалған қаражат сегіз өңірге тиесілі және олардың көлемі аз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты