2022 жылдың желтоқсан айы қорытындысы бойынша әуе көлігімен жолаушы тасымал қызметі құны бір жылда 16,8% өсті, деп хабарлайды energyprom.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz
Өңірлер бойынша ең көп Батыс Қазақстан облысында қымбаттады: бірден 67%. Одан кейін Абай (57,3% қымбаттады) және Қостанай (43,2% қымбаттады) облыстары.
ҚР-ның 20 өңірінің ішінде тек Ұлытау және Алматы облыстарында ғана баға төмендеді: тиісінше 20,8% және 3,9%.
2022 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында әуе компаниялары 11 млн жолаушы тасымалдады, бұл бір жыл бұрынғыдан 16,5% көп. Ең жоғары көрсеткіш Алматыда тіркелді: 7,4 млн жолаушы, бір жылда 11% көбейді. Одан кейін Шымкент (3 млн жолаушы) мен Астана (562,5 мың жолаушы).
Жолаушылар айналымы 20,1 млрд жкм болды, бұл бір жыл бұрынғыдан 35,7% көп.
Былтырғы қаңтар–желтоқсан айларының қорытындысы бойынша, әуе көлігімен жүк пен багаж тасымалы 24,5 мың тоннаны құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 27,9% аз. Әуе жүк тасымалы республиканың үш өңіріндеа — Алматыда (14,7 мың тонна), Шымкентте (6,3 мың тонна) және Астанада (3,5 мың тонна) ғана тіркелді.
Қаңтар–желтоқсанда жүк айналымы 54,4 млн ткм құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 33,3% аз.
2023 жылы жаңа халықаралық рейстер ашылады, деп хабарлайды ҚР ИИДМ. Ішкі тасымал көлемі «коронадағдарысқа» дейінгі деңгейге жетіп, асып кетті (аптасына 57 бағыт, 687 рейс).
Аптасына 477 рейс жиілігімен 108 бағыт бойынша 30 елге халықаралық рейстер қалпына келтірілді.