Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде жолаушыларды тасымалдау қызметі тағы 16%-ға қымбаттады

Биылғы қазан айының қорытындысы бойынша ҚР-да әуе жолаушылар көлігі қызметтерінің бағасы бір жылда 16,4% өсті, деп хабарлайды energyprom.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

Ең көп жылдық баға өсімі Батыс Қазақстан облысында тіркелді: 51,3% қымбаттаған. Одан кейін Шымкент (бір жылда 45% қымбаттады) және Ақтөбе облысы (37,1% қымбаттады). Бағаның ең аз өсуі Жамбыл облысында байқалды: 2,5%.


Еліміздің 20 өңірінің 4-де өткен жылдың қазан айымен салыстырғанда баға төмендеген. Атап айтқанда Ұлытау облысында — 22,5%, Алматыда — 13,4%, Қарағандыда — 11%, Қызылордада — 4,1%. Енді жолаушылар ұшақ 5 сағатқа (10 сағаттың орнына) кешіктірілсе, билеттің толық құнын қайтара алады, деп хабарлайды inbusiness.kz. Өтемақыға келетін болсақ, ол әуе кемесінің кешігуінің әрбір сағаты үшін билет құнының 3%-ын құрайды. ҚР ИИДМ рейстердің кешігуінің артуына байланысты салынған айыппұлды төлемеген әуетасымалдаушыларға талапты күшейтуді жоспарлап отыр. Өткен жазда кешіктірілген рейстер саны 63%-ды құраған.


Әуе компаниялары өз кезегінде тасымалдауға тыйым салынатын тұлғалардың тізілімін немесе қара тізім деп аталатындарды құра алады.


Биылғы қаңтар–қазан айларында әуе көлігімен 9 млн адам тасымалданды, бұл бір жыл бұрынғыдан 15,8% артық. Ең жоғары көрсеткіш Алматыда тіркелді: 6,1 млн адам, бір жылда 11% көбейген. Одан кейін Шымкент (2,4 млн адам) мен Астана (467,1 мың адам).

Жолаушылар айналымы 16,2 млрд жкм құрады, бұл бір жылмен салыстырғанда 32,3% көп.


Он айдың қорытындысы бойынша әуе көлігімен жүк пен багажды тасымалдау 19,4 мың тоннаны құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 30,4% аз. Тасымалдаудың барлық көлемі үш өңірге — Алматыға (11,7 мың тонна), Шымкентке (4,7 мың тонна) және Астанаға (3 мың тонна) келді.


Биылғы қаңтар–қазан айларында жүк айналымы 43,5 млн ткм құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 29,9% аз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді