Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістанда Ұлттық ұланның әскери кешені ашылды

Түркістанда Ұлттық ұланның әскери кешені ашылды
Фото: polisia.kz

Түркістан қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының “Оңтүстік” өңірлік қолбасшылығына қарасты 6506 әскери бөлімінің үшінші жедел мақсаттағы батальонының әскери ғимараты ашылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

– Мемлекет басшысы – Қарулы Күштердің Жоғарғы бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңадан құрылған облыс орталықтарында Ұлттық ұланның жеке құрамдарын ашу туралы тапсырмасын орындап жатырмыз. Сондықтан 2023 жылдың қазан айында 6506 әскери бөлімінің үшінші жедел мақсаттағы батальоны Шымкент қаласынан Түркістан қаласындағы дәл осы ғимаратқа көшірілген болатын. Қазіргі уақытта Ұлттық ұлан сарбаздары киелі қалада жауынгерлік қызмет атқарып жүр, – деді Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Еркін Ботақанов.

Салтанатты іс-шарада Бас қолбасшы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовке “Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін” төсбелгісін табыстады. Бұдан бөлек ішкі істер органдарының бірқатар қызметкері алғыс хатпен марапатталды.

Соңында Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы мен облыс әкімі бастаған қонақтар әскери кешендегі штабта, казармада, автопаркте және саптық алаңда болып, кинология мен спорт қалашығын, тир ғимаратын аралады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөз сөйледі
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады