Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында қаза тапқан қатардағы жауынгер Досбол Сапардың әкесі Еркінбек Әбдіқадыровқа автокөліктің кілті мен сертификаты салтанатты түрде табыс етілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
27-28 мамыр аралығында Мәскеу қаласында дзюдодан халықаралық турнир өтіп, оған Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының командасы қатысқан болатын.<!--more-->
Аталған турнир қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілерді еске алуға арналды.<!--more-->
ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас Қолбасшысы турнир ұйымдастырушылары – Ресей Федерациясы дзюдо ардагерлері ұлттық одағының 2016 жылғы маусымда 6655 әскери бөлімінде террористердің қарулы шабуылына тойтарыс беру кезінде ерлікпен қаза тапқан қатардағы жауынгер Досбол Сапардың әкесіне бағалы сыйлық табыстау туралы бастамасын қолдады.<!--more-->
<!--more-->Айта кету керек, ҚР Президентінің 2016 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлығымен әскери борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, елдің ұлттық қауіпсіздігін нығайту кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Досбол Сапар қаза тапқаннан кейін III дәрежелі “Айбын” орденімен марапатталған болатын.