Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ұландықтар парашютпен секірді

Ұландықтар парашютпен секірді
Фото: polisia.kz

Ұлттық ұланның 3656 әскери бөлімінің әскери қызметшілері “Солтүстік” әуеайлағының базасында 800 және 1200 метр биіктіктен парашютпен секірді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Секіру жаттығулары әскери-көліктік авиацияның МИ-171 тікұшағының көмегімен жүзеге асырылды. Барлық әскери қызметшілер құрлықтағы әуе-десанттық дайындық курсынан өтіп, әдіс-тәсілдерді игерді. Сондай-ақ әуе-десанттық кешенде жер үсті секіру дайындығының элементтерін пысықтады.

Бірінші болып тікұшақтан Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Еркін Ботақанов секірді.

– Егер өзіңізді өзгелер шынайы құрметтегенін қаласаңыз, қарамағындағыларыңыздың қиын тапсырмаларды орындау кезінде не сезінетінін сіз де сезініп көруге тиіссіз. Ұлттық ұланның барлық командирлері мен бастықтары тек сөзбен ғана емес, іс жүзінде де өзіне бағыныштыларға қажетті дайындық деңгейін жеке мысалмен көрсетуі керек, – деді Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы.

Ұлттық ұлан құрамында авиация бөлімі бар. Бұл – жүктерді тасымалдауға және басқа да міндеттерді орындауға арналған ұшақтар мен тікұшақтардың әртүрлі түрін қамтитын әскери-көлік авиациясы. Мұнда тиісті әскери атақтары бар офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер қызмет етеді.

Парашютпен алғаш рет секіргендердің арасында әскери қызметші әйелдер де бар. Мысалы, аға лейтенант Анастасия Бондарева, сержант Данара Сәрсембаева және қатардағы жауынгер Айдана Омарова бір ай бойы өзге әріптестерімен бірге секіру алдындағы дайындықтан өтті, парашютті жинастырып, көктегі және қону кезіндегі әрекеттерді үйренді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты