Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

“Ұстау” жоспары: Петропавл полицейлері мас жүргізушіні ұстады

“Ұстау” жоспары: Петропавл полицейлері мас жүргізушіні ұстады
Фото: polisia.kz

Петропавл полицейлері мас күйде көлік айдап кеткен адамды тоқтату үшін “Ұстау” жоспарын енгізді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

“Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде Петропавл қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Volkswagen автокөлігін құқыққа сыйымсыз иеленіп алған күдіктіні “ізін суытпай” ұстады.

5 ақпан күні сағат 09:30 шамасында Петропавл қаласының тұрғыны белгісіз адам оның Volkswagen Amarok 2h автокөлігін айдап кеткенін айтып, полицияға жүгінген. Өтініш берушінің айтуынша, көлік бір сағат бұрын автокөлікті жууға қалдырылған. Зардап шегушінің айтуынша, шығын 12 миллион теңгені құраған. Полицейлер “Ұстау” жоспарын енгізіп, ұрланған автокөлікті іздеуге автопатрульдер мен бейнебақылау операторлары бағыттады. Көп ұзамай “Volkswagen” автокөлігі Жамбыл көшесінде тоқтатылды.

– Көлік құралын заңсыз иемденді деген күдік бойынша рөлде болған 28 жастағы көлік жуу сервисінің жұмысшысы ұсталды. Медициналық куәландыру нәтижесіне сәйкес, ол мас күйінде болған, бұл жол қозғалысының барлық қатысушыларына қауіп төндіреді. Тексеру барысында оның көлік басқару құқығы жоқ екенін көрсетті, сондықтан ол Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының талаптарына сәйкес, 20 тәулік қамауға алынады, – деп хабарлайды Петропавл қалалық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Әкімшілік жазаны өтегеннен кейін ер адамға Қазақстан Республикасы ҚК-нің 200-бабы (Автомобильді немесе өзге де көлік құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл бабтың 1-бөлігінің санкциясында 2 мың айлық есептік көрсеткіштен 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты