Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Өскемен полицейлері көлік ұрлаған адамды бейнебақылау камерасы арқылы ұстады

Өскемен полицейлері көлік ұрлаған адамды бейнебақылау камерасы арқылы ұстады
Фото: polisia.kz

Өскемен полицейлері көлік ұрлаған адамды бейнебақылау камерасы арқылы ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыс орталығының полициясына қала тұрғыны оның ТҚС-ға жөндеу үшін қалдырған Suzuki автокөлігі ұрланғаны туралы жүгінген.

Белгілі болғандай, күдікті алысқа кетіп үлгермеген, ол бейнебақылау камерасына түсіп қалған, соның арқасында оны полиция қызметкерлері тоқтатқан. Көлікті айдап әкетуші 29 жастағы көлік жөндеуші болғаны анықталды және ол мас күйде болған.

Ер адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Автокөлікті ұрлау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды, ал жүргізушіге қатысты көлік құралын масаң күйде басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Бейнебақылау камералары қылмыстарды “ізін суытпай” ашуда және құқық бұзушылықтардың алдын алуда үлкен көмек көрсететінін айта кеткен жөн. 2023 жылы бейнебақылау арқылы 141 қылмыс, оның ішінде 12 тонау, 10 бұзақылық, 51 ұрлық және 18 айдап әкету қылмысы және жыл басынан бері 4 қылмыс ашылды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді