Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордалық тұрғынға шетелге жалған билет сатпақшы болған күдікті ұсталды

Елордалық тұрғынға шетелге жалған билет сатпақшы болған күдікті ұсталды
Фото: pixabay.com

Елордалық тұрғынға шетелге жалған билет сатпақшы болған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияға қала тұрғыны жүгініп, алаяқтық іс-әрекеттердің құрбаны болғанын хабарлаған. Жәбірленушінің айтуынша, ол отбасымен бірге шетелге демалуға бармақшы болып, өзін туристік компанияның қызметкері ретінде таныстырған алаяққа 1 млн 125 мың теңге бергенін айтқан. Мән-жайды анықтауға жұмылған Астана қаласы полиция департаменті Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 36 жастағы қала тұрғынын құрықтаған.

Тергеу барысында әйелдің бұрын туристік агенттікте жұмыс істегені белгілі болды. Күдікті азаматша Араб Әмірліктеріне тиімді бағада билеттер беремін деген сылтаумен клиенттен алдын ала төлем алып, ұмытылмас демалыс ұйымдастыруға уәде берген. Алайда билетсіз қалып, ойлаған мақсаты орындалмаған азамат бірден полицияға жүгінген.

Қазіргі кезде күдікті ретінде ұсталған азаматшаға қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты